
Мектебімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Бұл игі шараға мектеп ұжымы, оқушылармен қатар, әкелер қауымы да белсенді түрде қатысып, өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында әкелер мектеп аумағын тазалап, қураған жапырақтар мен қоқыстарды жинады, сондай-ақ мектеп айналасын көркейту мақсатында гүл көшеттерін отырғызды. Олар балаларға еңбекқорлықтың, тазалықтың және туған жерге жанашырлықпен қараудың жарқын үлгісін көрсетті.
Осындай бірлескен жұмыстар адамдарды жақындастырып, ұйымшылдыққа тәрбиелейді және қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттырады. Сонымен қатар, ата-аналардың мектеп өміріне белсенді араласуы – оқушыларға үлкен мотивация беріп, тәрбиелік мәні зор іс болып табылады. Бұл сенбілік – тек тазалық шарасы ғана емес, ұрпақ тәрбиесіне қосылған маңызды үлес. Мектеп ауласы көркейіп, гүлдене түсті, ал балалар үшін бұл күн ұмытылмас тәрбиелік тәжірибеге айналды.
Таза мектеп – жарқын болашақтың кепілі!
KZ
