
Наурыз – береке мен бірліктің мерекесі!
Мектебімізде 1–4 сынып оқушылары арасында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кеңінен атап өтілді. Бұл күні бастауыш сынып оқушылары ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеп, халқымыздың бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысты.
Мерекелік шара барысында оқушылар әсем безендірілген сахнада ән айтып, би билеп, Наурыз туралы өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ойналып, салт-дәстүрлер көрсетілді. Балалар қазақ халқының қонақжайлығы мен ынтымақтастығын бейнелейтін көріністер қойды.

2026 жылғы 16 наурыз күні мектебімізде 2–3 сынып оқушылары арасында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған тәрбиелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, халқымыздың мәдени мұрасын насихаттау, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Мерекелік бағдарлама барысында оқушылар қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, ән айтып, би билеп, Наурызға байланысты көріністер қойды.

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін….» жыр әлемі іс-шарасы
9 ақпанда қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толды. Ол қазақ әдебиетінде адам жанының ішкі иірімдерін, сезім мен рухани күйді терең бейнелеген ақын ретінде бағаланады. ОКЖ №1 кітапхана-филиалы мен №4 «Сырлас» кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен өткізілген «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін….» жыр әлемі іс-шарасына мектеп-лицейіміздің 7 В сынып оқушылары Аманболды Кәусар мен Оралбай Нұрайлин қатысып, ақынның «Елім барда», «Отан» жыр шумақтарын оқыды. Шараға қатысқандары үшін алғыс хаттар табыстады. Құттықтаймыз!

2026 жылғы 5 ақпан күні жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мұқағали оқулары» байқауының қалалық кезеңі өткізілді.
Аталған байқауға мектебімізден 10 «А» сынып оқушысы Сейдығали Асия қатысып, “Айтып өткен ақында арман бар ма?”номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі-Қуанышбекова Гүлнар Қасылқызы

Қаржы министрлігімен бірлесе жасалған “Қаржы сақшысы” ойын-конкурсының жүлдегері мектебіміздің оқушысы Сәттар Гултас Инабатқызы
Информатика пәні мұғалімі Аманжол Қарақат Аманжолқызы

2026 жылғы 21 қаңтар күні жалпы білім беру ұйымдарының 8–11 сынып оқушылары арасында республикалық «Әбіш оқулары» байқауының қалалық кезеңі өткізілді.
Аталған байқауға мектебімізден 10 «А» сынып оқушысы Саттибай Тогжан қатысып, «Әбіш Кекілбаев шығармаларынан мәнерлеп үзінді оқу» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі-Қуанышбекова Гүлнар Қасылқызы
Жетекшісі мен оқушымызды жетістігімен құттықтаймыз, алдағы шығармашылық байқауларда сәттілік тілейміз! 🌟

17.01.2026 ж. Болашақ дебат клубының ұйымдастыруымен Қоңырат Cup X, Ерекшеmix-2026 атты қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирде мектебіміздің 7-10 сынып оқушылары белсенді қатысты. Нәтижесінде:
🥇- 1 орын Жамбыл Айжан
🥈- 2 орын Сейдығали Асия
🥈- 2 орын Болатбек Нұрсая
🏅- сертификат Нияз Жібек
Құттықтаймыз!

📚 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы “Ұшқыр ой” жобасы аясында “Болашаққа үміт,жастарға сенім” атты қалалық зияткерлік сайысында мектебіміздің 3-4 сынып оқушылары жүлделі 1-орынға ие болды. Құттықтаймыз!

❄️Мектебімізде 25.12 күні 5-6 сынып оқушыларына арналған Жаңа жыл мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Оқушылар ән айтып, би билеп,түрлі ойындарға белсене қатысты.
Мереке балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жаңа жылдық атмосфера қалыптастырды.

Мектебімізде 24.12 күні 1–4 сынып оқушыларына арналған Жаңа жыл мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Оқушылар ән айтып, би билеп, тақпақтар оқып, түрлі ойындарға белсене қатысты.
Мереке балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жаңа жылдық атмосфера қалыптастырды.

16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай
«Менің Қазақстаным» тақырыбы аясында 2-сыныптар арасында
мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Сайысқа 2-сыныптар арасынан 9 оқушы қатысты.
Оқушылар елімізге, Отанға, Тәуелсіздікке арналған өлеңдерді мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетті. Сайыс барысында олардың дауыс ырғағы, сахна мәдениеті, мәтінді мәнерлеп жеткізу шеберлігі ескерілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың көркем сөзге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік тілді құрметтеуге және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

🥇“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында қалалық “Тәуелсіздік – ең қымбат құндылық” интеллектуалды ойынында жүлделі 1-орынға мектебіміздің 4-сынып оқушылары ие болды. Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жалпы білім беретін мектеп оқушылары хор ұжымдарының “Мәңгілік ел әуендері” атты 2-ші қалалық байқауында “Абай атындағы №2 мектеп-лицейі” КММ бас жүлдеге ие болды. Жетекшісі: Еркинова Ж.Е. Құттықтаймыз!!!

Қараша айының 28-ші жұлдызында қаламыздағы М. Хамзин атындағы мәдениет сарайында “Кішкентай ханшайым-2025” балалар байқауы өтті. Байқауға қала мектептері мен сыртқары елді мекендерден 7 мен 9 жас арасындағы кішкентай ханшайымдар бақ сынауға келді. Аталған байқау 4 кезең бойынша бағаланды.
1-ші кезеңде Ханшайымдар өздерін жан-жақты таныстырса, 2-ші кезеңде өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерді тәнті етті. 3-ші кезеңде Ханшайымдар қазақтың ұлттық киімдерінен сән үлгісін көрсетіп, 4 – ші кезеңде білімдерін сынады.
✅Ерекше дайындық пен үлкен жауапкершіліктің нәтижесінде мектебіміздің 4А сынып оқушысы Аманжол Іңкәр Аянқызы 1 орынға ие болды.Құттықтаймыз!!!

28.11 күні қалалық “Ұланымыз Ұлы елдің” атты “Ту ұстаушы” топтардың арасында ұйымдастырылған саптық байқауының іріктеу кезеңінде мектебіміздің оқушылары жүлделі 3-орынмен марапатталды. Құттықтаймыз!

«Тұлпар мініп, ту алған» облыстық байқауының қалалық кезеңінде 9 А сынып оқушысы Сыздықбаева Мерей жүлделі І орынды жеңіп алып, 150000 ақшалай сертификатқа ие болды, облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Имухаметова Салтанат Сабиткызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Құттықтаймыз!!!

“Адал азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасы “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында ұйымдастырылған “Ойла Say” интеллектуалды жарысына белсенді қатысып,жүлделі орындарға ие болғаны үшін мектебіміздің 3-ші сынып оқушылары марапатталды. Құттықтаймыз!

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы “Шабыт” жобасы аясында қалалық ұйымдастырылған “Жас журналист” байқауында “Qalam Times” журналистер клубының жас тілшілері
“Видеосюжет” номинациясы бойынша Мұратқызы Дилара – 2 орын,
“Қызықты тұлғамен сұхбат” номинациясы Болатбек Нұрсая- 1 орын,
“Үздік мақала” номинациясы бойынша Жанатқызы Әмина – 1 орын,
“ Репортаж” номинациясы бойынша Аманболды Кәусар – 3 орын,
Манасбай Фатима -3 орын
Марапатталды.
Құттықтаймыз!

Қалалық “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы “Шабыт” жобасы аясында ұйымдастырылған “Жас жүргізуші-жаңа дәуір”шығармашылық байқауында 8 Ә сынып оқушысы Мұратқызы Дилара жүлделі 2-ші орынды иеленді.Құттықтаймыз!

🎉Қалалық “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы “Шабыт” жобасы аясында ұйымдастырылған “Күзгі вернисаж” шығармашылық байқауында мектебіміздің 8 “Ә” сынып оқушылары Марс Мұстафа мен Карибекова Айханым бас жүлде иегерлері атанып,жеңіске жетті. Жетекшісі: Балтабай А.С.
Құттықтаймыз!!!

✨”Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы “Шабыт” жобасы аясында қалалық
“Дәлме – дәл ”пародия байқауында белсенді қатысқаны үшін 7-9 сынып оқушылары алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!!!

✨Қалалық “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы “Шабыт” жобасы аясында ұйымдастырылған “Dance Forum”көпсалалы би фестивалі сайысында мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары жүлделі 1-ші орынмен марапатталды. Құттықтаймыз!!!

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» атты облыстық байқаудың қалалық кезеңі өтті.
📖 Нәтижесінде:
1. “Көркемсөз шебері” номинациясы бойынша 5-8 сынып арасында 7Г сынып оқушысы Бекзада Әлішер “Сахналық тұлға” номинациясымен марапатталды. Жетекшісі: Қуанышбекова Г. Қ.
2. “Көркемсөз шебері” номинациясы, 9-11 сынып арасында 9А сынып оқушысы Алғамжанова Сара І орын, облысқа жолдама алды. Жетекшісі: Имухаметова С.С.
3. “Даналық үні – қарасөз” номинациясы, 9-11 сынып арасында 11А сынып оқушысы Рымова Нұрсая ІІІ орын және 20 мың тг сертификатқа ие болды. Жетекшісі: Балтабай А.С.
🎉 Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Сәттілік!

✅8-11 сынып оқушыларына арналған шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңінде 9В сынып оқушысы Қажытай Іңкәр жүлделі ІІІ орынға ие болды. (Жетекшісі: Сейткалиева М.Ж. – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі). Құттықтаймыз!!!

Қалалық үстел теннисі ойынында оқушыларымыз 1 орынға ие болды! Құттықтаймыз!!!

Туған өлкем- тұғырым “ атты қалалық ән байқауы.
Жармағанбет Зере 1 орын кіші топ
Тишбек Ақкербез орта топ 1 орын
Жетекшісі: Еркинова Жанна Еркиновна
Марапаттар құтты болсын!!!

Республика күніне арналған қыздар арасында волейболдан мектебіміздің оқушылары жүлделі 2 орынға ие болды.Құттықтаймыз!!! Жетекшісі: Ахмет З.Ә.

📚 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 25 қазан – Қазақстан Республикасының Республика күніне орай ұйымдастырылған “Тәуелсіздік пен республика – егеменді елдің қос тірегі” атты қалалық зияткерлік ойынында мектебіміздің 5 Б сынып оқушылары – Бекмұрат Бибінұр, Қанатбек Айсұлтан, 6 Б сынып оқушылары – Қ.Кәусар, Т.Мөлдір, С.Нұрбек жүлделі 2-ші орынмен марапатталды. Құттықтаймыз!!!

Қазақстан Республикасы Декларациясының 35 жылдығы мерекесіне орай «Қазақстан Республикасы егемендігінің декларациясы: тарихи сабақтар мен болашақ» атты ғылыми практикалық конференциясынан 11 «Ә» сынып оқушысы Қабдығали Гүлшат 1-орын, 10 «А» сынып оқушысы Нұрланқызы Раййан 3-орын, 11 «А» сынып оқушысы Мэденят Аяжан 3-орын, 10 «А» сынып оқушысы Ерболқызы Тұмар 3-орынды иеленді. Жетекшілері Е.Т.Карибжанов; 9 «Б» сынып оқушысы Мәнерханқызы Жаншырай белсене қатысқаны үшін сертификат иеленді, жетекшісі А.Б. Касенова; 11 «А» сынып оқушысы Аманбекұлы Олжас 2-орынды иеленді, жетекшісі А.А. Толетаева. Марапаттар құтты болсын!

✅16.10.2025 ж. күні 8-11 сынып оқушыларына арналған шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» республикалық өнер байқауының қалалық кезеңіне мектеп-лицейден 5 оқушы қатысты.
✅Нәтижесінде: Қажытай Іңкәр – жүлделі І орын (Жетекшісі: Сейткалиева Мейрамгуль Жаксылыковна), Талас Айзере – жүлделі ІІІ орын (Жеткшісі: Имухаметова Салтанат Сабиткызы), Болатбек Нұрсая – жүлделі ІІІ орын (жетекшісі: Балтабай Ақерке Сәтімбекқызы), Арғын Дастан – жүлделі ІІІ орын (жетекшісі: Еркинова Жанна Еркиновна). Құттықтаймыз!!!

✅20 қыркүйек күні Jas Space “Жастар зияткерлік-спорттық орталығында ұйымдастырылған Creativ Eco Day аясында “Тұрақты әлемнің батырлары”жобасына мектеп-лицей оқушылары қатысты. Алгамжанова Сара өз тобымен 2 орын иеленді. Жүлде қоры 70 000. Мейрамғазы Рамазан, Қаратас Айбол, Ожанова Арай,Жамбыл Айжан белсене қатысқаны үшін мақтау қағазымен марапатталды.
Іс шараға дайындық жасап,жетекшілік жасаған биология пәні мұғалімі Наскенова Р.Н.

✅19.09.2025 ж., ҚР Республика күні және Мемлекеттік егемендік декларациясының 35 жылдығы аясында “Егемен елдің ертеңі-жастар” тақырыбында қалалық пікірсайыс турнирі өтті.
🥉Нәтижесінде: мектебіміздің “Сана” дебат клубы ойыншылары Сейдығали Асия, Алчымбаева Аружан,Жунусбаева Аида жүлделі III орынға ие болды.
🏅Сейдығали Асия “Үздік спикер” номинациясымен марапатталды.
Құттықтаймыз!
KZ
