
17.12 күні Білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпықалалық ата-аналар жиналысы өтті. Іс-шараға білім саласының мамандары, құқық қорғау органдарының өкілдері, денсаулық сақтау қызметкерлері және Отбасын қолдау орталығының мамандары қатысты.
✅Мектебімізден 70-тен аса ата-ана қатысып, маңызды ақпараттар алды.


«Балалар тәрбиесінде мектеп пен отбасы бірлігі» атты тақырыпта мектепте жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты:Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Балалардың оқу-тәрбие мәселелерінде ата-аналардың қатысуын арттыру. Мектептің тәрбие бағытындағы талаптары мен отбасының қолдаушы қызметін үйлестіру.
Мектеп әкімшілігі атап өтті: мектеп пен отбасы бірігіп жұмыс істегенде ғана оқушының бойында дұрыс тәрбие қалыптасады, оның білім алуға, дамуға ынтасы артады. Ата-аналар қауымы да өз кезегінде баланың тәрбие-білім процесіне белсенді қатысуға және мектеппен тығыз байланыста болуға ниет білдірді.
KZ
