Skip to content

Құрылымдық қарым-қатынасты қалыптастыру

08.04.2026 ж. 7-сынып оқушыларымен “Құрылымдық қарым-қатынасты қалыптастыру” тренингі ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты: оқушыларды коммуникативті қабілеттерін дамытуға бағыттау, сезімдерді қауіпсіз білдіру дағдысын дамыту. Тренинг әр сыныппен жеке өткізілді. Іс-шара эмоционалды интелектті дамытуға бағытталған тренинг элементтерін жүргізу арқылы жүргізілді. Кездесу «шаттық шеңбері» тренинг элементімен аяқталды. Оқушылар шеңбер құра тұрып, әр сыныптасына «мен сені …… үшін құрметтеймін және жақсы көремін», – дей отырып иық қағыстырып позитивті эмоциямен алмасты.