27 қараша 2025 жыл Бүгін 1–2 сынып оқушыларына арналған «Мен өзімді қорғай аламын» атты тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты – балалардың өзін-өзі қауіпсіз сақтау дағдыларын қалыптастыру, қауіпті жағдайларды ажырата білуге үйрету және өз ойын батыл айтуға бағыттау болды.
Шара барысында оқушылар жаттығулар мен ойындар арқылы қауіп тудыруы мүмкін жағдайларды танып, «жоқ» деп айту, ересектерден көмек сұрау, топпен жұмыс жасау сияқты маңызды тәсілдерді меңгерді. Сонымен бірге балаларға қорқыныш сезімімен қалай жұмыс істеу және өз шекарасын қорғау жолдары түсіндірілді.
Тренинг белсенді, қызықты форматта өтіп, оқушылар үлкен қызығушылық танытты. Шара соңында балалар алған білімдерін қысқаша талқылап, өз қауіпсіздігін сақтау маңызды екенін түсінді.




KZ
