Қарағанды қаласында өткен 8-11 сынып оқушылары арасындағы дәстүрлі халықаралық «Абай оқулары» конкурсының облыстық кезеңіне Абай атындағы №2 мектеп-лицейінен 4 оқушы қатысып, барлығы да жүлделі орынға ие болды, 2 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.
Олар:
- «Абайдың ақын шәкірттері» номинациясы бойынша 9А сынып оқушысы Жамбыл Айжан жүлделі І орын (Жетекшісі: Мейрбекова Г.С);
- «Сөз өнеріндегі – Ұлы Абай бейнесі» номинациясы бойынша 10А сынып оқушысы Сейдығали Асия жүлделі І орын (жетекшісі: Қуанышбекова Г.Қ);
- «Әнді сүйсең менше сүй» номинациясы бойынша 9В сынып оқушысы Ақжарқынова Аңсаған жүлделі ІІ орын (Жетекшісі: Еркінова Ж.Е);
- «Абайдың асыл мұрасы» номинациясы бойынша 9А сынып оқушысы Алағамжанова Сара жүлделі ІІІ орын (жетекшісі: Имухаметова С.С);
Республикалық кезеңге өткен оқушылар: - «Абайдың ақын шәкірттері» номинациясы бойынша 9А сынып оқушысы Жамбыл Айжан жүлделі І орын (Жетекшісі: Мейрбекова Г.С);
- «Сөз өнеріндегі – Ұлы Абай бейнесі» номинациясы бойынша 10А сынып оқушысы Сейдығали Асия жүлделі І орын (жетекшісі: Қуанышбекова Г.Қ).
Құттықтаймыз! Республикалық кезеңге сәттілік тілейміз!



KZ
