15.05.2026 ж. күні «Абай – STAR» атты мектепішілік үздіктер шеруі өтті. Шеруге биылғы оқу жылында әр түрлі білім сайыстарында, ғылыми жобаларда мектеп-лицейдің мерейін республикалық, облыстық деңгейде асқақтатқан дарынды оқушылар және 2025-2026 оқу жылын үздік аяқтаған оқушылар қатысты.
Биылғы оқу жылында жылдық көрсеткіш нәтижесі бойынша «Жыл оқушысы – 2026» номинациясымен «Алтын белгіге», «Үздік аттестатқа» үміткер оқушыларымыз, Президенттік олимпиада, «Алтын түлек» республикалық олимпида жеңімпаздары Қабдығали Гүлшат, Медетбек Аяна, Исмагулова Амина марапатталды. Оқушылардың марапатын мектеп-лицейдің директоры Мейрбекова Г.С. табыстады. Республикалық деңгейге шыққан 10 оқушы жеңімпаздарымызды «Абай жұлдызы» номинациясымен Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық Зерттеу Университетінің аға оқытушылары, Қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Жарылғапов Ж.Ж., физика-техникалық факультетінің аға оқытушысы, физика-математика ғылымдарының кандидаты Кудусов А.С., зоология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, биология мамандығының философия РһD докторы
Шәйбек А.Ж. марапаттады.
Облыстық деңгейдегі 24 жеңімпаздарды «Білім нұры» номинациясымен мектебіміздің 2005 жылғы түлегі, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан журналистер одағының мүшесі, «Ғұмыр керуен» жыр кітабының авторы – Күземхан Мақсат, мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, облыстық байқаулардың, пәндік олимпиада жеңімпаздарын дайындап шығарған, озық тәжірибе таратушы, жоғарғы білікті педагог – Имухаметова С.С. марапаттады. Іс-шара соңында үздіктер хоры алтын ұя, ұстаздарына алғыс айтып, жырдан шашу шашып, Абай лицейін әсем әнге бөледі.
Мерейің үстем болсын, белестер биігіндегі білім ордасы👏👏👏





KZ
