Skip to content

«Балауса» жазғы мектеп жанындағы лагерьі

1.06.2026 күні Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде «Балауса» жазғы мектеп жанындағы лагерьінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, лагерьдің жазғы маусымдағы жоспарлары таныстырылды.
Лагерьдің басты мақсаты – балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мен бос уақытын пайдалы өткізу.
Салтанатты жиында мектеп директоры Мейрбекова Г.С. құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға қызықты әрі мазмұнды демалыс, көтеріңкі көңіл-күй және жаңа жетістіктер тіледі.
«Балауса» лагерінің ашылу салтанаты жарқын әсерлерге толы болып, оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Алдағы уақытта лагерь тәрбиеленушілерін қызықты танымдық, спорттық және мәдени іс-шаралар күтіп тұр. Жазғы демалыс барша балаға қуаныш пен жақсы естеліктер сыйласын!