19 мамыр күні 0 “Б” сыныбында «Біз мектепке барамыз» атты мерекелік кеш жоғары деңгейде өтті. Бұл — бүлдіршіндердің даярлықпен қоштасып үлкен өмірге, білім мен ғылым әлеміне алғашқы қадам басқан ерекше де әсерлі күн болды.
Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, жүрекке жылы әсер сыйлайтын тақпақтарын мәнерлеп оқып, әсем ән шырқап, мың бұрала би биледі. Бүлдіршіндердің өнері ата-аналар мен ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекенің сәнін арттыра түсті.
Сонымен қатар, мектебіміздің педагог-психологтары оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен қызықты әрі көңілді ойындар ұйымдастырып, кештің мазмұнын байыта түсті. Бұл ойындар ата-ана мен бала арасындағы мейірім мен ынтымақтастықты нығайтып, мерекелік кештің ерекше атмосферасын сезінуге мүмкіндік берді.
Бүгінгі мерекелік кеш — бүлдіршіндердің балалық шақпен қоштасып, мектеп табалдырығын аттар алдындағы ұмытылмас сәттердің бірі болды. Бүлдіршіндерге білім жолында сәттілік, биік белестер мен жарқын болашақ тілейміз!
Сынып жетекшісі: Н.Ж. Даниярова
KZ
