Мектебімізде «Даналық мектебі – тәрбиенің алтын көпірі» атты ата-аналарға арналған тағылымды іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту, отбасы құндылықтарын дәріптеу және бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті арттыру.
Шара ерекше форматта ұйымдастырылды. Алдымен мектебіміздің дарынды оқушыларының жетістіктерін насихаттайтын «Жетістікке толы жол» атты көрмесі таныстырылды. Көрмеде оқушылардың білім, өнер, спорт салаларындағы жетістіктері көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шараның келесі бөлімінде практикалық жұмыстар ұйымдастырылып, Аналар мектебі, Әкелер мектебі, Аталар мектебі, Әжелер мектебі өз бағыттары бойынша мазмұнды жұмыстарын көрсетті. Бұл бөлімде ата-аналар өзара тәжірибе алмасып, бала тәрбиесіндегі маңызды ой-пікірлерімен бөлісті.
Қорытынды бөлімде ата-аналардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, мектеп өміріне белсене араласып жүрген ата-аналарға ризашылық білдірілді. Сонымен қатар дарынды оқушыларға сапалы білім беріп, олардың жетістіктеріне қолдау көрсетіп жүрген ұстаздар мен дарынды оқушылар марапатталып, ата-аналарына алғыс хаттар табысталды.
Іс-шара соңында мектеп оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған шығармашылық концерт көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

KZ
