Skip to content

Кітапхана туралы

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Шын жүректен кітап сыйла» челленджі 9 ақпан күні мектеп-лицейімізде бастау алады. Челлендж мақсаты – кітапқа деген қызығушылықты арттыру және балалар мен жастар арасында кітап оқуды насихаттау. Кітап айналымына өз үлесіңізді қосыңыз!

Мектеп парламентімен “Кешкі кітап оқу” сәтінен

«Демалыста кітап оқимыз» атты демалыс кезінде 1-11 сынып білім алушыларына ұсынылған кітаптар тізімі

«Балалар кітапханасы», «Кітап оқитын ұлт» жобаларын жүзеге асыру, әрі демалыс уақытында білім алушыларды кітап оқуға тарту мақсатында ҚР Оқу-ағарту минстрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұсынысымен “Демалыста кітап оқимыз” атты 1-11 сынып білім алушыларына ұсынылған кітаптар тізіміне шолу жасалды.

Кітап – қиялдың қанатын кеңейтетін, ойды тереңдететін ең сенімді дос. Демалыста демалып қана қоймай, кітап оқып рухани бай, жаңашыл дүниеге жол ашатын уақыт. Отбасымен кітап оқу дағдысын қалыптастыру, демалыстарын бос өткізбеу, оқыған кітаптары жайлы пікір алмасу, шығармашылықтарын, ой-өрістерін дамыту және сүйікті кейіпкерлерінің бейнесін қағаз бетіне түсіріп, достарымен бөлісуге шабыттандыру- мектеп кітапханашысына артылған міндет