Мамырдың 19- жұлдызында 4″А” сыныбымен “Қош бол, бастауыш” атты бастауыш сыныппен қоштасу ертеңгілігі болып өтті. Ұлылықтың һас шебері Абай баба мұрасы төрт тілде еркін дәріптеліп, оқушылар бабаға тағзым етті. Мәдени мұра, салт-дәстүр тұғыры биіктен көрініп, бабалар салған ізгілік мұрасы сабақтастық тапты.Оқушылардың бойында Отанға деген құрмет пен адамгершілік, төрт жыл бойы сусындаған білім нәрінің көрінісі шығармашылық есептен тұрды.Оқушылар тәрбиенің тал бесігі мектеп екендігін пайымдай отырып, мектеп-лицейіне деген құрметін ерекше жеткізе білді. Сынып жетекшісі Қазақбаева Айнур Толеугалиевна шәкірттеріне ақ жол тілеп, жарқын болашақтың даңғыл жолына жылы лебізін жаудырды.




KZ
