Skip to content

Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы

Ақпанның 27-күні Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде “Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы” тақырыбында Ашық есік күні өтті. Ойын арқылы оқыту әдіс -тәсілдерімен бастауыш сынып мұғалімі Қуанышбекова Ж.Қ. мен мектепалды даярлық сыныбының мұғалімдері Даниярова Н.Ж., Балғабаева Г.М. шебер сынып көрсетті. “Баланы мектепке қалай дайындау керек” деген сұрақ төңірегінде бастауыш сынып мұғалімдері Тлеукулова Қ.А. мен Албергенова Т.Д. ата-аналарды мазалап жүрген біраз сұрақтың басын шалды. Психолог Саметова Д.М. өз тарапынан тиімді кеңестерін берді. Қатысушылар “Дидактикалық ойындар- білім негізі” көрмесін тамашалады.