Skip to content

Сенбілік – ортақ іске үлес

Мектебімізде сенбілік ұйымдастырылып, оған мектеп ұжымы мен әкелер қауымы белсенді қатысты. Іс-шара барысында мектеп аумағы тазартылып, қураған жапырақтар мен қоқыстар жиналды. Сонымен қатар, аумақты көркейту мақсатында гүл көшеттері отырғызылды.
Бұл шара ұжымшылдықты арттырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыруға өз септігін тигізді. Әкелердің белсенді қатысуы – оқушылар үшін үлкен өнеге болды.
Таза орта – бәрімізге ортақ міндет!