26 қараша 2025 жыл Мектеп алды даярлық тобында «Шығармашылықпен өсеміз» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты – балалардың шығармашылық ойлауын дамыту, қиялын кеңейту және өзін еркін білдіру дағдыларын қалыптастыру. Балалар түрлі ойындар мен тапсырмалар орындап, бірлескен сурет салу және еркін қимыл-қозғалыс жаттығуларына қатысты. Шығармашылық жұмыстар арқылы әр бала өз ойын ашық жеткізе алды. Тренинг көңілді әрі белсенді өтті, балалар үлкен қызығушылық танытты.




KZ
