Skip to content

Жас жүргізушілер мектебі: алғашқы қадамнан кәсіби деңгейге

16.04. күні жас журналистер клубының ұйымдастыруымен “Өнегелі өмір” аясында Республикалық “24Kz” телеарнасының “Жаңалықтар” бөлімінің танымал тележүргізушісі, білікті журналист, медиа маман – Қайрат Советбекұлымен “Жас жүргізушілер мектебі: алғашқы қадамнан кәсіби деңгейге” атты онлайн сұхбат ұйымдастырылды.

Сұхбат барысында журналист болудың қыр-сыры, ерекшелігі, кәсіби тәжірибесі талқыланды.

Сұхбаттың басты мақсаты: Қарағанды өңірінен шыққан танымал тұлғалардың тәжірибесін үлгі ете отырып, кәсіби бағдар беру, өмірге дайындау, мамандық таңдаудағы бағытын айқындау.